Перейти к содержимому
👁 2 қаралым
Главная страница » Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң мен тәртіп қағидатының маңызы зор. Бұл бағыт Алатау қаласында да мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Заң талаптарын сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осыған байланысты қала аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа бейім азаматтармен, жастармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы күшейтіліп келеді. Азаматтардың өтініштері мен көтерген мәселелері назарға алынып, оларды шешу бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.

Заң мен тәртіп – қоғамның қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақты дамуының берік негізі. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, өз құқықтарымен қатар міндеттерін де білуі маңызды. Алатау қаласында заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Қауіпсіз қала – ортақ жауапкершіліктен басталады. Заңға құрмет пен тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналған кезде ғана берік әрі жайлы қоғам қалыптасады.

Нұрхайын МҰХИДДИНОВ, Алатау қаласының тұрғыны