Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқық бұзғандар байқалған жоқ

Құқық бұзғандар байқалған жоқ

43 қаралым

Сайлау өткізудің барлық ережелерін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда бақылаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде байқаушылар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Қазір аймақтағы барлық ашық сайлау учаскесінде қоғамдық байқаушылар коалициясынан екі өкілден жұмыс атқаруда. Олар күні бойы сайлау учаскелерінен келіп түсетін ақпаратты бақылап, өңірдегі жалпы жағдайды қадағалап отыруды міндетіне алған. Қонаев қаласындағы № 943 сайлау учаскесіндегі «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының атынан бекітілген Айдана Жақайдың айтуынша, дауыс беру науқаны ойдағыдай басталып, заң талаптарына сай жүріп жатыр.

«Басты міндетім – дауыс беру процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын бақылау. Таңнан бері дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды. Оның ішінде екі адам 18 жасқа толып, дауыс берді. Ал 8 адам үйден таңдау жасады. Дауыс беру заң аясында өтіп жатыр. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда. құқық бұзғандарды байқаған жоқпыз», – деді байқаушы

Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы