Перейти к содержимому

Мерейлі отбасы дауыс берді

68 қаралым

         Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылындағы №292 сайлау учаскесінде 2023 жылғы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері Дулдай Сархадтың отбасы дауыс беруге қатысты. Әулет өкілдерінің сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келуі ерекше көрініс болды. Бұл отбасының қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетіне деген құрметін айқын көрсетті.

         Дулдай Сархад отбасы – берік отбасылық құндылықтарды, өзара сыйластықты, татулық пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп келе жатқан өнегелі әулет. Олардың сайлауға бір отбасы болып қатысуы азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісіне айналды. Отбасы мүшелерінің дауыс беруге бұлайша қатысуы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен азаматтық ұстанымның өзара сабақтастығын көрсетті. Берекелі отбасы – қоғамның берік негізі. Ал саналы таңдау – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

         «Біздің әулеттің адамдары үнемі елімізде болатын саяси науқаннан тыс қалмайды.  Елімізде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмаймыз. Жалпы солай болуы керек. Өйткені ортақ Отанымыздың ертеңінің нұрлы боларын бәріміз де қалаймыз. Сондықтан бүгін әулетімізбен ұйымдасқан түрде келіп, Құрылтай сайлауына бір кісідей қатыстық», дейді мектеп мұғалімі Болтай Әдият.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Ақсеңгір ауылы,

Жамбыл ауданы