Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Тедди мен Қоян ару да Құрылтай сайлауында «таңдау жасады»

Тедди мен Қоян ару да Құрылтай сайлауында «таңдау жасады»

32 қаралым

Байкент ауылдық округіндегі сайлау учаскелерінің бірінде Құрылтай депутаттарының сайлауы ерекше әрі көтеріңкі көңіл күйде өтуде.

Сайлау учаскесіне Тедди қонжық пен Қоян ару бейнесіндегі кейіпкерлер келіп, сайлау жәшігінің жанында тұрғындардың назарын аударды.

Ерекше кейіпкерлер сайлау учаскесіне келген тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлап, күннің есте қаларлық көріністерінің біріне айналды.

Осылайша, Байкент ауылдық округінде Құрылтай сайлауы азаматтық белсенділікпен қатар, креативті әрі мерекелік атмосферамен ерекшеленуде.