Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар /   «Қыз Жібек» пен «Төлегеннің» таңдауы

  «Қыз Жібек» пен «Төлегеннің» таңдауы

69 қаралым

         Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылындағы №325 сайлау учаскесіне ерекше сайлаушылар келді. Жас жұбайлар Ұлысхан Әбдіманап пен Әнел Дәулет қазақ халқының әйгілі «Қыз Жібек» жырының басты кейіпкерлері – Төлеген мен Қыз Жібек бейнесінде келіп, өз таңдауларын жасады.

       Жас жұбайлардың бұл бастамасы сайлау учаскесіне ерекше сипат беріп қана қоймай, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметін көрсетті.      Қазақтың классикалық эпосындағы Төлеген мен Қыз Жібек бейнелері махаббат, адалдық, отбасы және адамгершілік құндылықтарымен тығыз байланысты. Жас отау иелерінің осы образда сайлауға қатысуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Отбасылық өмірдің жаңа кезеңін бастаған Ұлысхан мен Әнел ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға осылайша сән беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олардың ұлттық киім мен тарихи-мәдени образды таңдауы жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін арттыратыны анық. Сонымен қатар сайлауға белсенді қатысуы азаматтық ұстанымның маңызын көрсетеді.

     Төлеген мен Қыз Жібек бейнесіндегі жас жұбайлардың таңдауы – ұлттық құндылықтар, отбасы және азаматтық жауапкершілік тоғысқан ерекше көрініс болды. Бұл сәт Үмбетәлі ақын атындағы аядай ауылда есте қалары сөзсіз.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Үмбетәлі ауылы,

Жамбыл ауданы