Жамбыл ауданындағы №306 сайлау учаскесінде сайлау учаскесіне аккредиттелген «Дауыс» ұйымының тәуелсіз байқаушысы Айгерім Дәуренбекова сайлау барысына қатысты өз көзқарасын білдірді. Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша учаскеде дауыс беру процесі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде жалғасып жатыр.
Сайлаушылар өз таңдауын жасау үшін учаскеге келіп, азаматтық белсенділіктерін танытуда. Айгерім Дәуренбекованың айтуынша, бақылау барысында сайлау процесінің белгіленген тәртіппен өтуіне, барлық қажетті рәсімдердің сақталуына және ашықтық қағидаттарына назар аударылуда. Осы уақытқа дейін сайлау процесінде заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Учаскедегі жағдай тұрақты, дауыс беру барысы талаптарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау күнінің аяқталуына санаулы уақыт қалса да, азаматтардың белсенділігі байқалады.