Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / БАЙҚАУШЫ РЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМ

БАЙҚАУШЫ РЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМ

74 қаралым

Мен, Бузаева Ботакөз Шәкизадақызы, Алматы облысы, Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы №375 сайлау учаскесінде «Дауыс» қоғамдық коалициясының байқаушысы ретінде өз міндетімді атқардым.
Бүгін мен үшін үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды күн болды. Сайлау учаскесіндегі әрбір сәтке мұқият назар аударып, дауыс беру процесінің заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтуін бақыладым.
Байқаушы болу — жай ғана сырттай бақылау емес. Бұл — азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне жағдай жасалуына, әрбір дауыстың заң талаптарына сәйкес есептелуіне бейжай қарамау.
Өз міндетімді атқара отырып, сайлау процесінің ұйымдастырылуына, дауыс беру тәртібіне және азаматтардың құқықтарының сақталуына ерекше назар аудардым.
Ел тағдыры — әр азаматтың таңдауынан басталады.
Әр дауыс — жауапкершілік.
Әр таңдау — болашаққа жасалған қадам.
Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігімді атқарғаныма қуаныштымын. 🇰🇿
Ашықтық пен әділдік — қоғамның сенімінен басталады!