Перейти к содержимому

Ұжым болып дауыс берді

35 қаралым

Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылындағы №576 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенді қатысуы жалғасуда.
У.Қантаев атындағы «Мойнақ» СЭС ұжымы да сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Энергетика саласының мамандары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен болашағына бейжай қарамай, сайлаудан шет қалмады.
Сайлау – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, ел келешегіне қатысты көзқарасын танытатын жауапты сәт. Осыны жақсы түсінген мекеме қызметкерлері қоғамдық маңызы зор шараға өз үлестерін қосты.
«Мойнақ» СЭС ұжымының сайлауға ұйымшылдықпен қатысуы – ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын азаматтық ұстанымның жарқын көрінісі. Себебі елдің ертеңі тек үлкен шешімдерден емес, әрбір азаматтың саналы таңдауынан қалыптасады.
Бүгінгі әрбір дауыс – жарқын болашаққа бағытталған сенімнің белгісі.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы