Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қақпақ ауылы тұрғындары таңдау жасады

Қақпақ ауылы тұрғындары таңдау жасады

64 қаралым

Райымбек ауданы Қақпақ ауылының Жәмеңке орта мектебінде орналасқан №771 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау комиссиясының төрағасы Құралай Кеңесбаеваның айтуынша, 927 сайлаушы тіркелген. Тізім құрамында бес қарт сайлаушы, үш жас сайлаушы бар. Белсенділік жақсы, 63 пайызды құрап отыр.
Бір жас отбасы келіп, дауыс берген.
Отбасымен бірге дауыс беру – азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Тұрғындар сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, қоғамдық маңызды науқанға белсенді қатысуда.
  «Әділет» партиясы,   «Жас отбасы»,   «Дауыс» қоғамдық бірлестіктерінен байқаушылар келген.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Райымбек ауданы