Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ұлттық салт-дәстүр мен қоғамдық белсенділікті ұштастырды

Ұлттық салт-дәстүр мен қоғамдық белсенділікті ұштастырды

83 қаралым

Кетпен ауылдық округіндегі №913 сайлау учаскесінде ұлттық салт-дәстүр мен қоғамдық белсенділікті ұштастырған ерекше бастама ұйымдастырылды. Әртүрлі жастағы ауыл тұрғындары ұлттық киім үлгісін киіп, сайлау учаскесіне бірге келді. Жас буыннан бастап аға ұрпақ өкілдеріне дейінгі ауыл тұрғындарының ұлттық нақыштағы киіммен келуі ерекше мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Аталған бастамаға ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметов Рахим, Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Албеков Тоқан және ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Ұлттық киім үлгісінде келген аға буын өкілдері өз таңдауларын жасап, жастарға ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. Қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін дәріптеген бұл көрініс ұлттық мәдениетке деген құрметтің айқын белгісі болды. Ұлттық киім – халқымыздың тарихын, дүниетанымын және мәдени ерекшелігін танытатын маңызды құндылықтардың бірі. Осы орайда Кетпен ауылдық округінің тұрғындары қоғамдық шараға қатысуды ұлттық салт-дәстүрді насихаттаумен ұштастырды. Бірнеше буын өкілдерінің бір мезетте ұлттық киім киіп келуі ұрпақтар сабақтастығын да көрсетті. Әсіресе, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметов Рахим мен Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Албеков Тоқанның бұл бастамаға қатысуы аға буын өкілдерінің жастарға көрсеткен өнегесінің айқын көрінісіне айналды.
Сайлау барысында ұлттық мәдениетті сақтау, салт-дәстүрлерді дәріптеу және оны жас ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұлттық бірегейлікті сақтау қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. №913 сайлау учаскесіндегі ерекше көрініс ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық киімдегі тұрғындардың ұйымдасқан түрде келуі қоғамдық белсенділік пен ұлттық құндылықтардың жарасымды үйлесімін көрсетті.
Қорытындысында ұйымдастырушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу өткенге құрмет, бүгінге жауапкершілік және болашаққа бағдар екенін атап өтті. Кетпен ауылдық округіндегі бұл бастама ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен азаматтық белсенділіктің өзара сабақтастығын айқын көрсетті.