-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Еріктілердің еңбегі ерен

    20.10.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Все новости, Демография, Жоғары технология, Идеология, Кәсіпкерлік, Культура, Мәдениет, Мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік тіл, Өңір тынысы, Право-закон, Руханият, Саясат, Туризм және саяхат, Экология, Экономика
    Еріктілердің еңбегі ерен
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында елімізде және жергілікті деңгейде волонтерлікті дамыту және қолдау шаралары туралы айтылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» шеңберінде республика бойынша волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізу басталған. Бастаманы сапалы іске асыру үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлікті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы көзделген.
    Елімізде, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты аталмыс іс-шара қолға алынған. Брифинг спикері Ұлттық волонтерлік желі атқарушы директоры Татьяна Миронюк іс-шара барысында талқыланатын тақырыптарды тілге тиек етті. Ол өз сөзінде:
    – Волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобаларды анықтау, аймақтардағы волонтерлік саладағы бар проблемалар мен қажеттіліктерді талдау, ҮЕҰ, волонтерлер топтары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау, 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ақпарат жинау арқылы волонтерлік іс-шараның маңызы артпақ, – деп атап өтті. Келесі болып сөз алған Алматы облысының Азаматтық альянсы президенті Балжан Досалы облыс өңіріміздегі жастар жайлы жалпы ақпарат таратып, волонтерлік бағыттағы шараларға тоқталды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны – 280 017 адамды құрайды. Жастармен жұмыс жүргізу үшін «Ұйымдастырушылық бөлімі», «Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобымен жұмыс бөлімі», «Аймақтар бөлімі» және «Ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу бөлімі» қызмет атқарады. Балжан Досалы өз сөзінде:
    – Өңірімізде волонтерлік бағытта 195-тен аса шара өткізіліп, оған 3110-ға жуық жас қатысты. Бүгінгі таңда облыс аумағында 3598 волонтер тіркеліп, 36 волонтерлік ұйым қызмет атқарады, – деп айтып өтіп, «BizBirgemiz» республикалық фронт-офис бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту жөніндегі республикалық жол картасына сәйкес «Білім», «Сабақтастық», «Таза әлем», «Салауат», «Қамқор», «Асыл Мұра», «Үміт», «Аяла» бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, «Адалдық», «JaryqTeam», дебат және «Жайдарман», «Speaking Club» және жас әншілерге арналған «АниБарс» пен «Shanyraq» клубтары жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қызмет көрсетуде.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    2 years ago
    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    2 years ago
    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    1 year ago
    Білім беру жүйесіндегі тенденциялар: инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    Білім беру жүйесіндегі тенденциялар: инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    5 months ago
    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>