Бүгін Алатау қаласында өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшелері де азаматтық белсенділіктерін танытып, дауыс беруге қатысты.
Аға буын өкілдері сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауларын жасады. Олар үшін сайлауға қатысу – елдің қоғамдық-саяси өміріне араласудың, азаматтық жауапкершілікті көрсетудің маңызды мүмкіндігі.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қатысушылары кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олардың айтуынша, әрбір азаматтың дауысы елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға өзіндік үлесін қосады.
Сайлау күні орталық мүшелерінің белсенді қатысуы – аға буын өкілдерінің қоғам өміріне белсене араласатынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Қоғамдық өмірге белсенді араласу, азаматтық жауапкершілік пен ұрпақтар сабақтастығы – тұрақты әрі біртұтас қоғамның маңызды құндылықтары.