Перейти к содержимому

Ұлттық бірлестіктердің үні

50 қаралым

Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан № 267 сайлау учаскесінде ел бірлігін паш еткен ерекше көрініс болды. Құрылтай сайлауына бірнеше ұлттың өкілі ұлттық киімде келіп, өз таңдауларын жасады. Аталған білім шаңырағының бір ерекшелігі де сонда – мұнда қазақтармен қатар орыс, түрік, ұйғыр ұлтының балалары көптеп саналады. Мұғалімдер құрамы да сан ұлттан тұрады.

Түрік, славян, ұйғыр ұлттық-мәдени бірлестіктердің мүшелері дауыс беруге өздерінің ұлттық киімінде келді. Олардың жүздеріндегі мерекелік көңіл-күй мен жарқыраған киімдері көпшілік назарын аударып, «Бірлік бар жерде – береке бар» деген тәмсілді еске салғандай болды.

Белгілі спорт жазушысы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы білім шаңырағының басшысы әрі № 267 сайлау комиссиясының төрағасы Ақмарал Аққұлиеваның айтуынша, аталған учаскеде 2614 сайлаушы тіркелген. Бұл мектепте өз ісінің нағыз білгірі ретінде танылған көптеген ұстаз еңбек етіп, кейінгілерге өнеге қалдырған.

Серік Сатыбалдиев

Жамбыл ауданы