Перейти к содержимому

Береке бар үйде зорлық жоқ!

36 қаралым

Отбасыдағы түсіністік пен сыйластық адамның өзін қауіпсіз сезінуіне тікелей әсер етеді. Алайда кей шаңырақта жанжалдың арты күш көрсетуге ұласып жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай ретінде қабылдауға болмайды. Жәбірленуші өз құқығын қорғап, тиісті көмекке жүгіне алады. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының көмегінен бөлек, психологтар мен әлеуметтік мамандардың қолдауы да қажет. Әсіресе балалардың отбасындағы ахуалдан зардап шегуіне жол бермеу маңызды. Жанжал туындаған кезде мәселені сабырмен талқылауға тырысқан жөн. Ал күш қолдану немесе қорқыту орын алған жағдайда оны жасырып қалудың қажеті жоқ. Жақындарының қолдауы қиын жағдайға тап болған адамға үлкен демеу болады. Зорлықсыз орта қалыптастыру отбасындағы әр адамның жауапкершілігін талап етеді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ