Перейти к содержимому

Сақтық – мүліктің қорғаны

33 қаралым

Мүлікті қорғау үшін міндетті түрде күрделі қауіпсіздік жүйесін орнату қажет емес. Кей жағдайда қарапайым сақтықтың өзі ұрлықтың алдын алуға жеткілікті. Үйдің есігін құлыптау, терезелерді тексеру және кілтті бөтен адамға бермеу – күнделікті ескерілетін қарапайым талаптар. Көлік ішінде бағалы заттарды қалдырмаған дұрыс. Әлеуметтік желіде үйде жоқ екеніңізді жариялау да қауіпсіздік тұрғысынан артық ақпарат болуы мүмкін. Ұзақ уақытқа кететін жағдайда көршілермен байланыста болған жөн. Бейнекамера немесе күзет дабылы күдікті жағдайды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Құжаттар мен бағалы заттарды арнайы қауіпсіз орында сақтау қажет. Мүлікке қатысты күмәнді жағдай байқалса, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс. Қауіпсіздікке алдын ала көңіл бөлу кейінгі өкініштің алдын алады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ