Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Үйдің мәселесі» деп жабық есіктің ар жағында қалдыруға болмайды

«Үйдің мәселесі» деп жабық есіктің ар жағында қалдыруға болмайды

31 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық – сырт көзге көрінбейтін, бірақ адамның өміріне ауыр із қалдыратын мәселелердің бірі. Ең қауіптісі – мұндай жағдайды «отбасының ішкі мәселесі» деп қабылдау.

Зорлықтың алдын алу үшін жәбірленушінің жалғыз қалмауы, ал құқық бұзушының әрекетінің жауапсыз қалмауы маңызды. Профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жеке жұмыс жүргізу, қайталануы мүмкін қауіптерді бақылау және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – осы бағыттағы негізгі міндеттердің бірі.
Бір адамның үнсіздігі кейде екінші адамның қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан зорлық-зомбылықтың белгілеріне бейжай қарамау – қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ