Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қалдықты сұрыптау – мәдениеттің белгісі

Қалдықты сұрыптау – мәдениеттің белгісі

36 қаралым

«Таза Қазақстан» бағдарламасы тазалық жұмыстарымен қатар, қалдықтарды дұрыс басқару мәдениетін қалыптастыруды да көздейді. Еңбекшіқазақ ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыру, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Облыста Еңбекшіқазақ ауданында қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатқаны да осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Қоқысты кез келген жерге тастамау, оны мүмкіндігінше сұрыптау және белгіленген орындарға шығару – әр азаматтың қарапайым міндеті. Экологиялық мәдениет күнделікті әдеттен басталады. Таза аудан құру үшін тазалықты әр адам өзінен бастауы қажет.

Еңбекшіқазақ ауданы