Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА 70 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА 70 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

24 қаралым

Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кезекті санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан бойынша 3 465 адам қатысып, 31 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі қоғамдық аумақтар, көшелер мен жол жиектері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы көлемі 31 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 70 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары Іле ауданында тұрақты түрде жалғасып, аудан тұрғындары табиғатты аялау жұмыстарына күш салуда.

Іле ауданы