Жастардың қауіпсіздігі – қоғамның басты назарындағы мәселелердің бірі. Есірткіге қызығушылықтың алдын алу үшін жасөспірімдермен ашық әрі түсінікті әңгіме жүргізу қажет. Күмәнді ұсыныстарға ермеу және белгісіз заттарды қабылдамау туралы түсіндіру жұмыстары маңызды. Интернетте таралатын қауіпті ақпаратқа да сақтықпен қараған жөн. Ата-ана мен педагогтер баланың мәселесін тыңдап, оған қолдау көрсетуі керек. Жастардың спорттық, мәдени және білім беру жобаларына қатысуы пайдалы. Құқықтық сауаттылық адамның дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Болашағын ойлаған жас есірткіден аулақ болып, өз мақсатына ұмтылуы қажет.
Алтынай СЕЙІТКЕН