Перейти к содержимому

Қоғамға ортақ парыз

22 қаралым

Баланың қауіпсіздігі ата-ана мен қоғамның тұрақты назарында болуы тиіс. Үйдегі жанжал мен зорлық-зомбылық баланың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ересектер өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Баланың көзінше ұрыс-керіс пен агрессия көрсету де тәрбиелік тұрғыдан теріс әсер етеді. Мектеп педагогтері мен ата-аналар баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударғаны жөн. Қауіп байқалған жағдайда мәселені жасырып қалмай, тиісті мамандарға жүгіну маңызды. Бала өзін қорғалған ортада сезінуі керек. Ұрпақ қауіпсіздігіне жауапкершілік таныту – қоғамның ортақ парызы.

Ерзат АСЫЛ

↑