Перейти к содержимому

Отбасы – қауіпсіздіктің бастауы

20 қаралым

Отбасы – адам үшін жылулық пен қауіпсіздіктің мекені болуы тиіс. Сондықтан отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу – қоғамның ортақ міндеті. Күш көрсету, қорқыту, қорлау, психологиялық қысым жасау немесе экономикалық шектеу қалыпты қарым-қатынасқа жатпайды. Мұндай жағдайға тап болған азамат көмек сұраудан қорықпауы қажет. Қауіп төнген жағдайда полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуға болады. «Заң мен тәртіп» қағидаты отбасындағы әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуден басталады.

↑