Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция мен азаматтардың өзара ынтымақтастығы маңызды. Тұрғындар құқықбұзушылық туралы ақпаратты уақтылы жеткізсе, тиісті шараларды қабылдау жеңілдейді. «Заң мен Тәртіп» цифрлық сервисі арқылы азаматтар құқықбұзушылықтар туралы хабарлама жібере алады. Бұл мүмкіндіктер жолдағы қауіпті жағдайлар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы ақпарат беруге де арналған. Азаматтардан жауапкершілік пен қырағылық талап етіледі. Полиция мен қоғам арасындағы сенім қауіпсіздік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Қауіпсіз орта – бірлескен жұмыстың нәтижесі.