Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қоғамдық жауапкершілікті арттырады

Қоғамдық жауапкершілікті арттырады

28 қаралым

Елдімекеннің ажары оның тазалығы мен абаттандырылуынан көрінеді. «Таза Қазақстан» аясында көшелерді тазалау, аулаларды ретке келтіру және қоғамдық орындарды көркейту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы ерекше маңызды. Себебі туған жердің тазалығы мен көркеюіне әр азамат өз үлесін қоса алады. Қоқысты арнайы орындарға тастау, жасыл желекті күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Тазалық мәдениеті қалыптасқан жерде қоғамдық жауапкершілік те арта түседі. Сондықтан көрікті көшелер мен таза аулалар – баршаға ортақ міндет.

↑