Зорлық-зомбылық тек денеге күш көрсету арқылы жасалмайды. Қорқыту, қорлау, бопсалау және адамның еркіндігін шектеу психологиялық зорлықтың белгілері болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер адамның қалыпты өміріне кері әсер етеді. Сондықтан отбасындағы қарым-қатынаста өзара сыйластық сақталуы қажет. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендетуге жол берілмейді. Құқықтық сауаттылық зорлықтың белгілерін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Қауіп байқалған жағдайда көмек сұрау – әлсіздік емес, қауіпсіздікке жасалған қадам.
Құралбек СӘБИТОВ
