Перейти к содержимому

Құқыққа қайшы әрекеттен сақтан!

24 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың бір түрі – экономикалық қысым. Адамды заңды құқығы бар тұрғын үйінен, қаражатынан немесе қажетті заттарынан қасақана айыру да құқыққа қайшы әрекет болуы мүмкін. Сондықтан отбасы мүшелерінің материалдық мәселелерін күш көрсету немесе қысым арқылы шешуге болмайды. Әр адам өз мүлкі мен қаражатына қатысты заңды құқықтарын білуі қажет. Қаржылық сауаттылық та отбасы қауіпсіздігінің бір бөлігі. Даулы мәселені заң аясында шешу маңызды. Өзара сенім мен жауапкершілік отбасының тұрақтылығын нығайтады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑