Перейти к содержимому

Қауіпсіздік полициядан басталмайды

60 қаралым

Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті деген түсінік біртіндеп өзгеріп келеді. Қауіпсіз орта қалыптастыруда тұрғындардың өзара жауапкершілігі мен белсенділігі де маңызды рөл атқарады.

Ауладағы күмәнді жағдайға бейжай қарамау, құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектесетін ақпаратты дер кезінде жеткізу, қоғамдық орындардағы тәртіпке жауапкершілікпен қарау – қауіпсіздіктің күнделікті көрінісі. Бұл ретте полиция мен қоғам арасындағы сенім де ерекше мәнге ие.

Қауіпсіздік бір мекеменің жұмысы емес. Ол тұрғын, учаскелік инспектор, жергілікті атқарушы орган, білім беру ұйымы және қоғамдық бірлестіктердің ортақ әрекетінен қалыптасады. Сондықтан «менің қатысым жоқ» деген ұстанымның орнына «бұл ортақ жауапкершілік» деген түсінік орныққанда ғана қоғамдық қауіпсіздік нығая түседі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑