Перейти к содержимому

Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу

57 қаралым

Ішімдікке әуестік адамның өзіне ғана емес, отбасына және қоғамға да кері әсер етуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның мінез-құлқына, еңбек қабілетіне және әлеуметтік қарым-қатынасына ықпал етеді. Сондықтан ішімдіктің алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жастарды зиянды әдеттерден қорғаудың тиімді жолдарының бірі. Бос уақытты спортқа, мәдениетке және пайдалы іске бағыттау маңызды. Отбасындағы дұрыс тәрбие де баланың болашақ таңдауына әсер етеді. Қоғамда ішімдіксіз өмір салтын насихаттау арқылы оң өзгерістерге жол ашуға болады. Салауатты ұрпақ – елдің берік болашағы.

Құралбек СӘБИТОВ

↑