Таза әрі көрікті елді мекен – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сенбіліктерге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар белсенді қатысуда. Аула, көше, саябақтар мен қоғамдық орындардың тазалығы күнделікті назарда болуы қажет. Өйткені тазалық тек арнайы акция кезінде емес, әр күнгі мәдениеттің көрінісі болуы тиіс. Әр азамат өзі тұратын аумаққа жанашырлықпен қарап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға үлес қоса алады. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет. Тазалық сақталған жерде тұрғындарға қолайлы орта қалыптасып, елді мекеннің көркі арта түседі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
