Перейти к содержимому

Адалдық – ардың ісі

136 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жүргізілетін түсін­дірме жұмыстары – қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Рүстем Әлімов мәдениет қызметкерлерімен осы мәселе бойынша жиын өткізді.

Елімізде бүгінде ең жоғары басымдықтардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту. Бұл – бір күнде шешілетін мәселе емес, қоғамға ортақ маңызды міндет. Осы орайда Рүстем Жеңісұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына зор қауіп төндіретін келеңсіз құбылыс екенін атап өтті.
– Сыбайлас жемқорлық – әділдік пен заң үстемдігіне нұқсан келтіріп, мемлекетке деген сенімді әлсірететін індет. Сондықтан әрбір азамат заңды құрметтеп, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет. Адал қоғам – жарқын болашақтың берік негізі, – деді ауыл әкімі.
Ауыл басшысы сыбайлас жемқорлықтың заман ағымы­мен бірге түрлі сипатқа ие болып, қаржы айналымы мен қоғамдық бәсекелестік күшейген ортада тамырын тереңге жайып, бүгінгі күнге дейін толық жойылмай келе жатқан өзекті мәселе екенін ерекше атап өтті.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑