Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бірлік пен заң үстемдігі – ел дамуының кепілі

Бірлік пен заң үстемдігі – ел дамуының кепілі

30 қаралым

Қоғамда тұрақтылық болуы үшін азаматтар арасында өзара құрмет пен сенім қалыптасуы қажет. Ал оның берік негізі – заңның бәріне ортақ болуы және құқықтық тәртіптің сақталуы.

Бабаларымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас», – деп бекер айтпаған. Ел ішіндегі татулық пен қоғамдық келісім заң талаптарын құрметтеумен ұштасқанда ғана берік болады. Өйткені, әркім өз құқығының қорғалғанын сезініп, өз міндетін адал орындаған ортада дау-дамайдың алдын алуға, мәселелерді өркениетті жолмен шешуге мүмкіндік мол.

Кеген өңірі – тарихы терең, елдік дәстүрі қалыптасқан қасиетті мекен. Мұнда үлкенге құрмет, кішіге ізет, ағайын арасындағы сыйластық сияқты ұлттық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осы рухани құндылықтарды заманауи құқықтық мәдениетпен сабақтастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑