Алматы облысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Іле ауданында көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазарту жұмыстарына тұрғындар белсенді араласуда. Балқаш ауданында табиғи аумақтарды күтіп ұстау және су айдындарының тазалығын сақтау мәселесіне мән берілуде. Кеген ауданында табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Аудандардың тұрғындарын біріктіретін ортақ мақсат – таза, жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру. Мұндай бастамалар адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады. Тазалықты сақтау бір күндік шарамен шектелмей, күнделікті әдетке айналуы тиіс. Өйткені таза Қазақстанды қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.
Құралбек СӘБИТОВ
