1 қазан – Қарттар күніне орай, «Әділет» партиясының «Әлеуметтік ынтымақ және атаулы қолдау» басымдығын жүзеге асыру және аға буын өкілдеріне нақты қолдау көрсету мақсатында аудандық кітапхана алаңында қарттарға «Әділет бұрышы» ашық кеңес берді.
Іс-шараның басты мақсаты – қарттардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін шешуге бағытталған тегін кеңес беру, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және практикалық көмек көрсету.
«Әділет бұрышы» аясында аға буын өкілдері өздерін толғандырған сұрақтар бойынша түрлі сала мамандарына жеке жүгініп, қажетті кеңестер алды.

Атап айтқанда, құқықтық кеңес беру бағытында мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек қатынастары, алимент және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме берілді. Әлеуметтік қолдау бағыты бойынша жәрдемақылар, жеңілдіктер, әлеуметтік қызметтерді алу және қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, медицина мамандары денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу бойынша кеңес берсе, цифрлық сауаттылық бағыты бойынша eGov, WhatsApp, Kaspi және басқа да цифрлық сервистерді пайдалану жолдары көрсетілді.
Ұйғыр ауданы
