Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ауладағы тәртіп – елдегі тәртіптің бастауы

Ауладағы тәртіп – елдегі тәртіптің бастауы

48 қаралым

Кез келген қаланы биік ғимараттарымен емес, оның аулаларымен тануға болады. Кешкі уақытта балалар ойнайтын алаң бар ма? Аула жарық па? Тұрғындар бір-бірінің қауіпсіздігіне алаңдай ма? Көшеде тәртіп сақтала ма? Күдікті жағдайға тап болған адам қайда хабарласатынын біле ме? Осындай қарапайым сұрақтардың жауабы қоғамдық қауіпсіздіктің нақты деңгейін көрсетеді.

Қазақстанда құқықбұзушылықтың профилактикасы енді тек құқық қорғау органдарының жұмысы ретінде қарастырылмайды. Жаңа заң бойынша алдын алу жұмысына мемлекеттік органдармен қатар азаматтар мен жергілікті қоғам өкілдерін тарту қарастырылған. Бұл дегеніміз – «полиция өзі шешсін» деген көзқарастан біртіндеп «қауіпсіз ортаға бәріміз жауаптымыз» деген түсінікке көшу.

Көршінің үйінен күн сайын жанжал естілсе, оны «өздерінің шаруасы» деу – мәселені шешпейді. Аулада жарық жоқ болса, «біреу қылмыс жасаса, полиция ұстайды» деп отыру да жеткіліксіз. Ал бала интернетте күмәнді адамдармен сөйлесіп жүргенде, оған тек тыйым салу емес, неге бұлай болғанын түсіну маңызды. Профилактиканың мәні де осында: қауіп пайда болғаннан кейін емес, қауіпке алып баратын жағдай пайда болған кезде әрекет ету.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑