Перейти к содержимому

Отбасы қауіпсіз болуы керек

76 қаралым

Адам өзін ең қауіпсіз сезінуге тиіс жер – өз үйі. Алайда отбасындағы жанжал зорлық-зомбылыққа ұласқан кезде үйдің жабық есігі қауіптің көрінбей қалуына себеп болуы мүмкін.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты «отбасының ішкі мәселесі» деп қабылдау – мәселені шешпейді. Керісінше, үнсіздік агрессияның қайталануына жағдай жасауы мүмкін.

Қазақстанда профилактикалық тәсілге басымдық беріліп келеді. Жаңа заң құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесін біріздендіріп, жәбірленушілерді қорғау және зорлықтың қайталануына жол бермеу шараларын қарастырады.

Мұндай жағдайда маңыздысы – тек жазалау емес, қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқау. Қорқыту, қорлау, бақылау, мүлікті әдейі бүлдіру, күш көрсету – «ұсақ нәрсе» деп елемеуге болатын әрекеттер емес.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Көршінің жанайқайын естіп тұрып үнсіз қалмау, жақын адамның қауіпсіздігіне алаңдағанда көмек ұсыну, жәбірленушіні кінәламау – кейде үлкен қайғылы жағдайдың алдын алатын қарапайым қадамдар.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑