Перейти к содержимому

Алкогольдің салдары ауыр

77 қаралым

Алкоголь мәселесін тек медицина немесе тәртіп мәселесі ретінде қарау жеткіліксіз. Оның салдары адамның өзіне ғана емес, отбасына, балаларына, жұмысына және айналасындағы адамдарға әсер етуі мүмкін.

Әсіресе алкоголь мен агрессия, отбасылық жанжал, жолдағы тәртіпсіздік сияқты мәселелердің қатар жүруі қоғамдық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. ІІМ профилактикалық жұмыста мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтарға және отбасылық-тұрмыстық саладағы қауіптерге ерекше назар аударып келеді.

Алкоголизмнің алдын алу «ішпе» деген бір ауыз сөзбен шектелмеуі керек. Мұнда отбасының қолдауы, жастармен түсіндіру жұмысы, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, психологиялық және медициналық көмекке қолжетімділік маңызды.

Ең бастысы – мәселе күрделеніп кеткенше күтпеу. Адамның мінез-құлқындағы өзгерісті ерте байқау, оның себебін түсінуге тырысу және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну – профилактиканың нақты көрінісі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑