Перейти к содержимому

Қауіпсіз қоғам ортақ әдеттен құралады

104 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздікті тек полицияның қызметімен өлшеу дұрыс емес.

Полиция қылмысты анықтайды және жолын кеседі. Мемлекеттік органдар қауіпсіз орта қалыптастырады. Мектеп пен ата-ана баланың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастырады. Қоғам күмәнді жағдайларға бейжай қарамауға үйренеді. Ал әр азамат өз әрекетіне жауап береді.

Құқықбұзушылық профилактикасының жаңа жүйесінің мәні де осында: мәселені салдарынан емес, себебінен бастау.

Қауіпсіздік – бір күнде құрылмайды. Ол күн сайын қайталанатын қарапайым әрекеттерден қалыптасады: есікті құлыптау, бөтен адамға код бермеу, мас күйде көлікке отырмау, баланың ортасына назар аудару, зорлықты көргенде үнсіз қалмау, күмәнді ұсыныстан бас тарту.

Бір қарағанда мұның бәрі ұсақ нәрсе сияқты.

Бірақ үлкен қауіптің алдын алатын нәрсе де көбіне осындай ұсақ, уақытында жасалған қадамдар.

Қауіпсіз қоғамды тек полиция күзетпейді. Оны қоғамның өзі қалыптастырады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑