Перейти к содержимому

Жат әдеттен аулақ бол!

172 қаралым

Жасөспірім үшін қауіптің алдын алу – ескерту айтумен ғана шектелмейді. Қазір интернеттегі алаяқтықтан бастап, есірткі сияқты үлкен қауіптерге дейін баланың күнделікті өміріне жақын келді. Сондықтан мұндай мәселелер туралы дер кезінде сөйлесіп, дұрыс бағыт көрсету маңызды.

Жуырда Ақтам орта мектебінде оқушыларға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану, есірткі мен нашақорлыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында мамандар интернеттегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып, оқушыларға бейтаныс адамдардың қоңырауы мен хабарламасына сене бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін айтты. Себебі бір сәттік аңғалдықтың өзі алаяқтардың арбауына түсіруі мүмкін.

Сонымен қатар есірткінің адам денсаулығына және болашағына тигізер зияны сөз болды. Оқушыларға есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызы айтылды. Кездесу соңында жасөспірімдерге заңды құрметтеу, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және кез келген күмәнді жағдайдан сақ болу керектігі ескертілді. Өйткені қауіптің алдын алу – оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда маңызды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы

↑