Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін қалайтын басты құжат. Онда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері айқындалады. Ата Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің көрсеткіші. Конституциялық қағидаттарды білу адамдарға өз құқықтарын қорғауға және заң талаптарын сақтауға көмектеседі. Құқықтық сауаттылықты арттыру қоғамдағы жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді. Осы бағытта тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Заң үстемдігі орныққан қоғамда азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше мән беріледі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
