❄️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Экология

    Қоқыс өңдеу зауыты салынады

    09.12.2023
    in Экология
    Қоқыс өңдеу зауыты салынады
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов бастаған бір топ делегаттар Түркияға сапарлап барды. Іссапардың негізгі мақсаты – екі ел арасындағы кәсіпкерлік ынтымақтастық аясында Алматы облысына инвестиция тарту, достық қарым-қатынасты нығайту, туризмді дамыту.

    Алғашқы күні делегаттар Түркия елінің бірнеше көшбасшы ірі кәсіпорындарын аралады. Ресми делегация алдымен трамвай өндіруші «Durmazlar Holding» компаниясына барып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Жаңа қала бой көтеретін, бұдан бөлек, индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақ құрылған Алматы облысына мұндай зауыттың керегі сөзсіз.

    Ал облыс орталығы – Қонаев қаласында өндіріс ошақтарының жылдам дамуына сәйкес, кездесу барысында ауыр машина жасау және өндіру бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде компания басшылығы зауыт салуға ниетті екенін жеткізді.

    Содан кейін олар Бурса қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Ибрагим Буркая және басқарма мүшелерімен кездесіп, панельдік радиатор шығаратын «Warmhaus» компаниясына ат басын бұрды. Зауытты аралап шыққан делегаттарға компания басшылары аталған саланы дамытудың оңтайлы тұстарын айқындап берді. Ендігі жылы осы мәселе бойынша Түркия елінен облысқа ірі компания өкілдері келіп, инвестиция жобасын тағы бір мәрте пысықтамақ.

    Сондай-ақ, туризм саласы – ел экономикасының қарқынды салаларының бірі болғандықтан, «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы» өкілдері туризм бағытындағы Түркияның жетекші компания мамандарымен қала құрылысын жобалау, жоспарлау мәселелеріне тоқталып, ақылдасты.

    Қазіргі таңда Алматы облысында қоқыс өңдейтін зауыттар аз, ал шикізат көп. Сондықтан өңірде аталған түйткілдің түйінін тарқату бағытында бірқатар шаралар қолға алынған еді. Ендігі кезекте еліміздің делегаттары қоқыс өңдейтін «INEVA» зауытының да жұмысымен танысты. Мұнда арнайы реактор арқылы қоқысты газға айналдырып, кейіннен одан шыққан буды генераторға қосып, энергия өндіріледі. Алдағы уақытта Алматы облысында осы зауыттың баламасын тұрғызу үшін отандық «Taza Alem» және «INEVA» компаниясы арасында 19 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға келісімшарт жасалды.

    Алматы облысының делегациясы Түркияда іссапармен жүр

    1 of 10
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    Ұсынымдар

    Қайраткердің әділет тақтасы

    Қайраткердің әділет тақтасы

    1 year ago
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    1414 қызметі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

    2 years ago
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    Балалар қуанған күн

    Балалар қуанған күн

    5 months ago
    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Жаңа көзқарастар мен сенімді қалыптастыратын сұхбат

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>