Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

113 қаралым

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Іле ауданында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Игі бастама қарияларға ізет білдіріп, олардың қоғамдағы орны мен өмірлік тәжірибесінің маңызын дәріптеуге арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ел мен қоғамның дамуына қосқан үлесін бағалау, сондай-ақ аға буын өкілдеріне ерекше көңіл бөліп, мерекелік көңіл күй сыйлау.Шараға «Әділет» партиясы Іле аудандық филиалының «Әйелдер қанатының» мүшесі Байқан Гүлжан Лесбекқызы қатысты. Сонымен қатар игі бастама аясында Қонаев қорының қатысуымен аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.Кездесу барысында қариялардың өнегелі өмір жолы, еңбегі мен қоғамға сіңірген қызметінің маңыздылығы атап өтілді. Қарияларға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі әрі ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды құндылық екені айтылды. Байқан Гүлжан Лесбекқызы аға буынға қамқорлық таныту, олардың өмірлік тәжірибесін бағалау және қоғамдағы белсенділігін қолдау әрбір азаматтың адамгершілік парызы екенін атап өтті.«Қариялар – халқымыздың баға жетпес қазынасы, отбасымыздың берекесі мен қоғамымыздың тірегі. Үлкенге құрмет көрсету, олардың жағдайына көңіл бөлу және қамқорлық таныту – баршамызға ортақ міндет. Әрбір қария өзін құрметке бөленген, қоғамға қажет жан ретінде сезінуі тиіс. Аға буынның өнегелі жолы мен ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін әрдайым құнды рухани мұра болып қала береді», – деді Гүлжан Лесбекқызы. «Әділет» партиясы мен Қонаев қорының қатысуымен жүзеге асырылатын осындай әлеуметтік маңызы бар бастамалар аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуге, қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға және ізгілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Қариясын құрметтеген елдің болашағы жарқын! Аға буынға көрсетілген ізет пен қамқорлық – адамгершілік пен мейірімділіктің айқын көрінісі. Қарияларымыз аман болып, дендері сау, ғұмырлары ұзақ болсын!

↑