Перейти к содержимому

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет

33 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл іске әрбір азамат өз үлесін қоса алады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және құқықбұзушылыққа жол бермеу маңызды. Күдікті жағдайға тап болған жағдайда азаматтар тиісті қызметтерге дер кезінде хабарлағаны дұрыс. Жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу де құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасында өзара сенім болуы қажет. Заң талаптарын сақтау қоғамдық тұрақтылықтың негізін қалайды. Бірлік пен жауапкершілік артқан жерде қауіпсіз қоғам қалыптасады.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑