Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Жасыл аймақ» – жарқын болашаққа бастар жол

«Жасыл аймақ» – жарқын болашаққа бастар жол

24 қаралым

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және аудандық тұрғын үй бөлімінің қолдауымен Қазақстан ауылдық округінде «Жасыл аймақ» тақырыбында ағаш отырғызу акциясы өтті.
Экологиялық акцияға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары белсене қатысып, ауыл аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Жастар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу бағытында еңбек етті. «Ағаш отырғызу – табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және келешек ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам»,– дейді қатысушылар.


Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

↑