Алматы облысында цифрлық технологияларды дамыту мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды бағытына айналып келеді. Бүгінде тұрғындардың көптеген қызметті электронды форматта алуға мүмкіндігі бар. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік органдармен өзара байланысты жеңілдетеді. Жасанды интеллектінің дамуы да түрлі салалардағы жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және көлік жүйесінде цифрлық шешімдерді тиімді пайдалануға болады. Облыстың елді мекендерінде цифрлық сауаттылықты арттыру да маңызды міндеттердің бірі. Заманауи технологияны меңгерген тұрғын жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алады. Сондықтан цифрландыру – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі құралдардың бірі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
