-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Өңір тынысы

    Қонаев әкімі Қытай делегаттарымен кездесті

    13.12.2023
    in Өңір тынысы
    Қонаев әкімі Қытай делегаттарымен кездесті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы облысында «Alatau INVEST» халықаралық форумы өтті. Басқосуда өңірге инвестиция тарту мәселесі, аймақтың әлеуеті талқыланды. Аталған шараның жалғасы ретінде Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Қытайдан келген делегаттарды қабылдады. Олардың қатарында Іле Қазақ автономиялы облысының басшылығы және бірқатар кәсіпкер бар.

    Әуелі делегаттарға Қонаев қаласының Бас жоспары мен «G4 city» жобасы таныстырылды. Таныстырылым жасаған бас сәулетші Болат Мұсылманбековтың айтуынша, Алматы облысы – инвестиция тартуға ыңғайлы аймақ. Себебі, бұл өңірден Батыс Қытай – Батыс Еуропа автожолы, Қытайдан Қорғас арқылы Қазақстанға кірер теміржол өтіп жатыр. Ал Қонаевтан Шығыс Қазақстан облысына өтіп, теміржолмен Ресейге шығуға болады.

    «Біз бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойында тұрмыз. Бүгінде осы жолды, сауда-саттықты, өнеркәсіпті жандандыру өте маңызды. Алдағы уақытта Қонаев пен Алматы қаласының арасына тағы бір қала түспек. Ол жерде арнайы экономикалық аймақ құрылған. Сондай-ақ облыста 4 ірі индустриалды аймақ қызмет етеді. Қазір оның кейбіріне инженерлік желілер тартылып жатса, кейбірі өз жұмысын бастаған», – деді Болат Мұсылманбеков.

    Ал Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Бас жоспарға сәйкес, қаланың аумағы 19 мың гектарға дейін ұлғайғанын айтты.
    «Қала Жаңа Ілеге, Шеңгелді ауылына қарай дамиды. Ол жерде академиялық қалашық, парктер, спорттық, денсаулық сақтау нысандарын, бірнеше өнеркәсіп орнын, театр, музей, сауда-ойын-сауық, бизнес орталықтарын салу көзделген. Қапшағайдың жағасы толығымен абаттандырылады. Арна ауылында өндірістік аймақ құрылды. Аталған аймаққа инвестиция құюды көздеп отырған компаниялар бар. Жалпы қаланың туристік, инвестициялық әлеуеті жоғары», – деді әкім.

    Содан кейін Құлжа қаласының бірінші хатшысы Ли Вэй мен шаһар басшысы Нұрлан Құматаев ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. Кейін делегаттар Қонаев қаласын аралап шықты.

    Ұсынымдар

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    2 years ago
    Ескерткіштер маңайы тазаланды

    Ескерткіштер маңайы тазаланды

    1 year ago
    Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

    Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

    1 month ago
    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты

    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты

    1 year ago
    Желдей ескен жүйріктер

    Желдей ескен жүйріктер

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.