-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Экология

    “Жасыл қала” Қонаевтан басталады

    18.12.2023
    in Экология
    “Жасыл қала” Қонаевтан басталады
    0
    SHARES
    80
    VIEWS

    «Байтақ» жасылдар партиясы Тәуелсіздік күні мерекесінде Алматы облысының экологиясын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген бір топ азаматты марапаттады. Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде партия филиалында өткен іс-шарада партия төрағасы Азаматхан Әміртай елімізде «жасыл қала» жобасы Алматы облысынан басталатынын жеткізді.

    «Қазақстан жасыл экономикаға қадам басып келеді. Бұл бағыттағы «Жасыл қала» жобасы бірінші Қонаев қаласында жүзеге асады. Алматы облысындағы партия филиалының басшылары бұл мақсатта біраз жұмыс атқарды. Сол себепті Тәуелсіздік күнінде олардың еңбектерін бағалауға ниет еттік. Алда партиямыздың негізгі құндылықтарын іске асыру үшін ұшан-теңіз жұмыс істеу қажет. Сол істе бірге болуды нәсіп етсін!», – деді Азаматхан Әміртай.

    Бұл ретте ол партияның облыста атқарған жұмыстарына жеке-жеке тоқталып өтті. Айтуынша, облыс, аудан әкімдіктерімен бірнеше рет кездесіп, “жасыл қала” идеясын талқылаған.

    “Экологиялық таза транспорт түрлерін көбейту, Қапшағай қаласындағы суды тазарту туралы ұсыныстарымызды білдірдік. Нақты айтсақ, Алматыдан шығатын кәріз қалдықтары облыстағы 20-ға тарта елдімекенге зиян келтіріп отыр. Қонаевқа жұмыс сапарымен келген Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен жолығып, оған бұл мәселені жеткіздік”, – деді Азаматхан Әміртай.

    Қоршаған ортаны қорғауды ту еткен партияның талабы негізінде сонымен қатар Нарынқол, Бесағаш ауылдарындағы кірпіш зауыттары жабылған. Азаматхан Әміртайдың сөзінше, партия жергілікті атқару органдарына Абат, Қараой елдімекендеріндегі карьерлердің орындарын қалпына келтіру, заңсыз карьерлерді жабу туралы да ұсыныс білдірген.

    Марапатталғандар қатарында «Мейірім» мүгедектер қорының жетекшісі Күлән Байзақова, партияның Алматы облыс бойынша атқарушы хатшысы Даут Орал, партияның саяси бюро мүшелері Марк Бейдали мен Гүлжамал Кенжалиева бар.

    2022 жылы құрылған “Байтақ” жасылдар партиясы «Таза ауа, Таза су, Таза жер – Таза адами қарым-қатынас!» ұранын ұстанады. Қазақстан халқына, табиғатына келтірілген шығынның өтелуін талап ету, флора мен фаунаны қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың жаһандық қағидаттарын енгізуді мақсат етеді. Партия таза экологиялық инновациялық технологияларды енгізуді, қоршаған ортаны қорғау саласын цифрландыруды және жас ұрпаққа экологиялық сананы сіңіруді қажет деп санайды.

    “Жасыл қала” жобасы көліктерден, өндіріс орындары мен тұрмыстан шығатын көмірқышқыл газының (көміртек диоксиді деп те аталады) мөлшерін нөлдік деңгейге дейін түсіруді көздейді. Бұған электр қуатын күн сәулесі, жел сияқты табиғи қуат көздерінен алу, электр үнемдейтін технологияны қолданысқа енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

    Ұсынымдар

    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    1 year ago
    Ұлт мәдениетін жаңғыртқан тұлға

    Ұлт мәдениетін жаңғыртқан тұлға

    2 years ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    63 елге экспорт: Алматы облысы өзінің халықаралық ықпалын арттыруда

    6 months ago
    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    4 months ago
    АЭС орны қалай таңдалады?

    АЭС орны қалай таңдалады?

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>