Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ішімдіксіз өмір – саналы таңдау

Ішімдіксіз өмір – саналы таңдау

10 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасындағы қарым-қатынасқа және қоғамдық тәртіпке кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік кей жағдайда отбасылық жанжалдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу маңызды. Әсіресе жастарға салауатты өмір салтының артықшылықтарын көрсету қажет. Спортпен шұғылдану, мәдени іс-шараларға қатысу және отбасымен бірге уақыт өткізу пайдалы әдеттерді қалыптастырады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мен өз әрекетіне жауап беру әр азаматтың міндеті. Әр отбасы жақындарының денсаулығына бейжай қарамай, зиянды әдеттердің алдын алуға үлес қосқаны жөн. Ішімдіксіз өмір салтын таңдау – жарқын болашаққа жасалған қадам.

Құралбек СӘБИТОВ

↑