Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасындағы тыныштық – ортақ құндылық

Отбасындағы тыныштық – ортақ құндылық

11 қаралым

Отбасының берекесі өзара сыйластыққа, түсіністікке және жауапкершілікке негізделеді. Алкогольді шамадан тыс тұтыну осы құндылықтарға нұқсан келтіріп, жақын адамдар арасындағы сенімді әлсіретуі мүмкін. Әсіресе отбасындағы жанжалдарға балалардың куә болуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Сондықтан қиындықтарды ішімдік арқылы емес, ашық әңгіме мен өзара қолдау арқылы шешуге ұмтылған жөн. Отбасында зиянды әдеттердің алдын алу үшін әр адам өз денсаулығы мен мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауы қажет. Егер тәуелділік мәселесі туындаса, мамандардан көмек сұрау маңызды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кезіккен адамдар үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына жүгінгені дұрыс. Отбасындағы қауіпсіздік пен татулық – қоғам тұрақтылығының негізі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑