Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – зиянды әдеттердің алдын алудың маңызды жолы. Алкогольге қызығушылық кейде құрдастарының ықпалы немесе мәселені дұрыс бағаламау салдарынан туындауы мүмкін. Сондықтан жасөспірімдерге ішімдіктің денсаулыққа және болашаққа тигізетін әсерін түсіндіру қажет. Мектептерде, колледждерде және жастар орталықтарында тақырыптық кездесулер ұйымдастыру пайдалы. Спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер жастардың қабілетін дамытып, уақытын мазмұнды өткізуіне көмектеседі. Ата-аналар балаларының қызығушылығын қолдап, олармен сенімді қарым-қатынас орнатқаны жөн. Әр жас зиянды әдеттерден бас тартып, өз болашағына саналы түрде таңдау жасауы керек. Салауатты ұрпақ – елдің ертеңгі тірегі.
Құралбек СӘБИТОВ
