Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

68 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы заңдылықты нығайтуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Алатау қаласында аталған тұжырымдаманы іске асыру аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және заңға деген құрметті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің құқығын бұзбау, құқықбұзушылықтарға жол бермеу – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары.
Сонымен қатар жастарға құқықтық тәрбие беру, олардың бойында жауапкершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыру маңызды. Құқықтық сауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілікті нығайту. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамаса, елімізде қауіпсіздік пен тұрақтылық нығая түседі.

Риза САУРБАЕВА

Алатау қаласы

↑