Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, мінез-құлқына және жақындарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік отбасындағы түсініспеушілікті күшейтіп, тұрмыстық жанжалдардың туындауына себеп болуы мүмкін. Бұған қоса, алкогольді мас күйде көлік жүргізу жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін арттырады. Сондықтан ішімдіктің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау маңызды. Әсіресе жастарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және зиянды әдеттерден бас тартудың маңызын түсіндіру қажет. Отбасы мүшелерінің қолдауы мен мамандардың көмегі алкогольге тәуелділік мәселесін еңсеруге ықпал ете алады. Ішімдіксіз әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – әр азаматтың өзінен басталатын жауапты таңдау.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

